Қыркүйек айында Қарағанды облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру қорына миллиардтан астам теңге аударды

Қыркүйек айында Қарағанды облысының жұмыс берушілері медициналық сақтандыру қорына миллиардтан астам теңге аударды

Қыркүйек айында Қарағанды облысының жұмыс берушілері өз қызметкерлері үшін 1,1 миллиард теңге аударды. Ай сайын олар қызметкерлердің жалақысынан 1% ұстап, оларды қорға аударады, сондай-ақ әрбір қызметкер үшін жалақы қорынан 2% мөлшерінде аударымдар жасайды.

Естеріңізге сала кетейік, пандемияға байланысты сәуір айынан бастап 2020 жылдың соңына дейін шағын және орта бизнестің 29 санаты өз қызметкерлері үшін медициналық сақтандыру қорына жарналар мен аударымдардан босатылған. Олардың ішінде мейрамхана-қонақ үй бизнесі, сауда, көлік, техникалық қызмет көрсету субъектілері және т. б. 9 ай бойы жарна түспеген жұмыскерлер сақтандырылған болып қалуы үшін жұмыс берушілер әр айдың 25-не дейін келесі сілтеме бойынша өтіп, қор базасындағы өз қызметкерлерінің тізімін жаңартып отыруы тиіс https://msb.fms.kz/login.

- Жарналардан босатылған ШОБ тізіміне кірген жұмыс берушілер қор базасына өз қызметкерлерінің деректерін енгізуі тиіс. Егер азамат үшін жарналар түспесе және ол жарналардан босатылған ШОБ қызметкері ретінде қор базасында болмаса, онда медициналық ұйымға жүгінген кезде ол қызметтерді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде ғана ала алады, - деп толықтырды медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Бүгінгі таңда МӘМС қорына жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылған ШОБ субъектілерінің 50%-ға жуығы өз қызметкерлерінің деректерін қор базасына, сондай-ақ облыстың алты ірі кәсіпорнына енгізбеген.

Медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының ақпараты бойынша