
Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық қазақ драма театрында 23-24 қазан күндері "Ғұлама ғұмыр" тарихи драмасының премьерасы өтеді. Қойылым ұлы ойшыл, философ әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналады.
Қоюшы режиссері - Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымов. Қоюшы-суретші - ҚР Мәдениет қайраткері Қалтөре Жұмақұлов.
23 қазан күні сағат 18.30-да басталады. 24 қазан-сағат 17.00.
Билет бағасы-1 500 теңгеден бастап.
Естеріңізге сала кетейік, санитарлық - эпидемиологиялық шараларға байланысты залдағы көрермендер саны шектеулі - 50 адамнан аспайды. Театрға тек бетпердемен кіруге болады. Әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет.