Қарағанды облысында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

Қарағанды облысында "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасы өтуде

21-23 қазан аралығында Қарағанды облысында "Автобус" Республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. ЖАШ кезеңінде, аймақ жолдарындағы полиция нарядтарының саны артады, тек автобустар ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының барлық қатысушыларын бақылау күшейтіледі. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары еріктілердің, қоғам және БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтер өткізеді.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында Ішкі істер органдарының қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзуды, кәсіпкерлік қызметті заңсыз жүзеге асыруды және автобус жүргізушілері мен лауазымды тұлғалардың басқа да заңсыз әрекеттерін анықтайды және жолын кеседі.

Осы жылдың наурыз айында облыс аумағында осындай жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді және жол қозғалысын қадағалау кезінде қоғамдық көлік жүргізушілеріне басты назар аударылды, олардың тарапынан 734 ЖҚЕ бұзушылық анықталды.