
Қали Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің вокалисі Рысты Рахымжан "Қазақ романсиадасы - 2020" халықаралық байқауының жеңімпазы атанды. Қазылар алқасы оған "Қазақ романсы" номинациясы бойынша бірінші орынды берді.
Қазақстандағы және Орта Азия аймағындағы жалғыз орыс және қазақ романстарын орындаушыларының ашық байқауы қатарынан 22 жыл өткізіліп келеді. Іс-шара Бүкілресейлік романсиада бағдарламасына енгізілген.
Биыл байқау алғаш рет онлайн форматта өтті. Оған Ресейден, Қазақстаннан, Өзбекстаннан, Тәжікстаннан, Моңғолиядан 62 орындаушы қатысты. Әдеттегідей, вокалистердің өнерін жұлдызды қазылар алқасы бағалады, оны Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Галина Преображенская басқарды.
Дәстүр бойынша іс-шара бағдарламасында орыс және қазақ тілдерінде романстар орындалады. Жас вокалист Рысты Рахымжан байқауға екі романс жіберді - Евгений Брусиловскийдің "Қос қарлығашын" және Николай Римский-Корсаковтың "Пленившись розой, соловей...". Ол ән орындау мәнерімен қазылар алқасы мүшелерінің жүрегін баурап алды.
- Байқау онлайн режимінде өткізілгеніне қарамастан, барлық орындаушылар лайықты өнер көрсетуге тырыстық, - дейді Рысты Рахымжан. - Мен мұндай байқауда бірінші рет қатыстым. Бұл өзіңізді көрсетудің керемет мүмкіндігі, себебі қазылар алқасында әр түрлі елдердің танымал өнер қайраткерлері бар.
Жеңіске өте қуандым. Бұл менің соңғы байқауым емес, мен тағы да қатысамын.