Қарағанды облысының әкімі Жақсыгелді Кемаловты мерейтойымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Жақсыгелді Кемаловты мерейтойымен құттықтады

Қарағанды облысының әкімдігінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Байжанов атындағы Қарағанды концерттік бірлестігінің жоғары деңгейдегі вокалист - әртісі Жақсыгелді Кемалов марапатталды. Сарыарқаның белгілі әншісін 60 жылдығымен өңір басшысы Жеңіс Қасымбек құттықтады.

- Бойыңыздағы барлық талантты сіз адамдарға сыйлап, дарынды жастардың жаңа буынын тәрбиелейсіз. Сахнада жарқыраңыз! Сіздің керемет әндеріңіз ұзақ уақыт шырқала берсін! - деп құттықтады мерейтой иесін Жеңіс Қасымбек.

Жақсыгелді Кемалов 1960 жылы 20 қазанда дүниеге келген. Қазақстан-Ресей университетін бітірген. 1988 жылдан Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестікте еңбек етеді. "Ерен еңбегі үшін" медалімен, "Қарағанды облысының білім саласының құрметті қызметкері" төсбелгісімен марапатталған, "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болған.