Қарағанды тұрғыны "Жоғалып кетпегенше" қозғалысына қосылуға шақырады

Қарағанды тұрғыны "Жоғалып кетпегенше" қозғалысына қосылуға шақырады

Юлия Ляндаева кеншілер астанасында Instagram әлеуметтік желісінде іске қосылған "Жоғалып кетпегенше" қозғалысын алға жылжытуда. Егер сіз #поканееисчазло хэштегін енгізсеңіз, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қызықты сәулет нысандарының суреттерін көре аласыз. Акцияның мақсаты - қала тарихын фотосуреттерде сақтап қалу.

- Ал менің басты міндетім - қарапайым қарағандылықтарға олардың тұрып жатқан қаласына назар аударту", - дейді Юлия. - Мен көп жыл бойы Қарағанды және Алматы шаһарларының сәулетін суретке түсіріп келем. Алдымен өзім үшін және шабыттану үшін. Мен "Жоғалып кетпегенше" жобасы туралы білгенде, біздің облыс та назар аударуға тұрарлық өңір деп шештім. Қарағандыда көптеген қызықты ескі үйлер, маңдайшалар, қасбеттердің бөлшектері, мозаика, барельефтер, панельдер бар. Біздің қаламыз өте әдемі, оны көре білу керек.

Юлияның айтуынша, оны американдық Дэннис Кин мен канадалық Кристофер Хервиг шабыттандырған. Дэннис көптеген жылдар бойы Қазақстан қалалары мен жергілікті көрікті жерлерді зерттейді. Ол Алматы сәулетінің барлық жауһарлары жинақталған карта жасады. Қазір ол Қарағандының урбанистика орталығымен бірге Қарағанды облысында да сондай карта жасамақшы. Кристофер Хервиг 12 жыл ішінде бұрынғы Одақ елдердің барлық дерлік қалаларын аралап шыққан. Ол Кеңес кезіндегі автобус аялдамаларының әрқилығы туралы әңгімелейтін кітап шығарған.

- Мен үшін шет елдік азаматтардың біздің сәулетімізге таңданатыны таңқаларлық болды, - дейді Юлия. - Олар Қазақстанның сұлулығын басқа қырынан көреді, ал біз оларды байқамаймыз. Бұл ұят. Сондықтан мен Instagram-да жеке парақша құрдым және #поканеизчезло_вкараганде арнайы хэштегін жасадым.

Алдымен Юляны туыстары мен достары қолдады. Енді идеяны басқа қарағандылықтар да алға жылжытуда. Бұл әр түрлі жастағы адамдар. Акцияға орта жастағы адамдар жа, суретшілер аға буыны да, жастар да қатысуда.

Қозғалысқа кез-келген адам қосыла алады. Бұл үшін Instagram-да фотосурет салып, #поканеисчезло_вкараганде хэштегін қою керек. Идеяны неғұрлым көп адамдар қолдаса, соғұрлым қала тарихы есімізде ұзаққа қалады.

Юлия тек суретке түсірумен ғана қызықпайды. Өткен күзде бойжеткен кеншілер астанасы бейнеленген бірнеше ашық хаттар басып шығарған. Ал жақында 32 ашық хаттан құрылған жиынтық жасап шығарды. Олардың әрқайсысында Қарағанды сәулетінің детальдары, ал екінші бетінде олардың орналасқан мекен-жайы жазылған. Ондай ашық хатты сатып алып, қызықты жерлерге саяхат жасауға немесе оны досыңызға жіберуге болады. Алдағы уақытта серіктес қалалардың ұқсас суреттерінің жиынтығын шығару жоспарлануда.