
Жаңаарқа ауданының Айнабұлақ ауылдық округінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Өрт сөндірушілердің қорғауында 131 мың гектар дала алқабы және 310 адам тұратын үш елді мекен болады.
Бекет Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті берген бір өрт сөндіру машинасымен, сондай-ақ мотопомпамен, он аспалы өрт сөндіргішпен және басқа да өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған.
Бекеттің ашылуына аудан әкімінің орынбасары Айқын Елеусізов, аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Арман Қазыбеков, аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығы Қуаныш Дүйсенбеков және т.б. қатысты. Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мәдижан Сейдахметов атлас лентасын қиып, өрт сөндіру бекетін ашты. Ол жауынгерлерге қиын істерінде сәттілік тіледі.