Үштөбе ауылында Birgemiz: Taza Alem еріктілер акциясы өтті

Үштөбе ауылында Birgemiz: Taza Alem еріктілер акциясы өтті

Қарағанды қаласының маңында орналасқан Үштөбе ауылында Birgemiz:Taza Alem волонтерлік іс-шарасы өткізілді. Кент тұрғындары, мектеп оқушылары және экобелсенділер Қарағанды мен Үштөбе Соқыр өзенінің жағалауларын және бірегей алма бағын ретке келтірді.

Осы секілді акциялар мұнда бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Өкінішке орай, еріктілердің барлық күш-жігеріне қарамастан, қоқыс азаймауда. Бұған себеп сол ауылдың көркем жиектерін таңдаған демалушылар. Олар қалдықтар қалдырып, ағаштарды сындырып кетеді. Сөндірілмеген От ошақтары бірнеше рет өрттің себебі болды. Сондай-ақ кент тұрғындары арасында өзен арнасын қоқыс шұңқыры ретінде пайдаланатындар да бар. Мұнда тұрмыстық және құрылыс қалдықтары, автомобиль шиналары тасталады.

Нәтижесінде акцияға қатысушылар 100-ден астам автокөлік шиналары мен 30-ға жуық тұрмыстық қоқысты жинады. Тағы 10 қап қоқыс соғыс жылдарынан кейін ауыл маңында отырғызылған алма бағының аумағында жиналды. Бақша бір айдан астам уақыт ішінде 300-ге жуық еріктілердің күшімен тазартылғанына қарамастан қайтадан қоқыстанып кеткен.

Кейбір еріктілер аумақты тазалап жатқанда, басқалары табиғат қорғау белгілері мен ақпараттық қалқандарды орнатумен айналысты. "Қоқыс тастама!", "Ағаштарды сындырмаңыз!", "Өртті сөндіріп кетіңіз!" деген жазулары бар тақтайшалар өзен жағасында және орман алқаптарында пайда болды.

Акцияны Үштөбе ауылының бастамашыл тобы "Қарағанды облыстық экологиялық мұражайы" ҚБ-мен бірлесіп Birgemiz: Taza Alem жалпыұлттық жобасының шағын-гранттары конкурсының аясында ұйымдастырылды.