Осакаров ауданының Есіл ауылында тез тамақтану кафесі пайда болды

Осакаров ауданының Есіл ауылында тез тамақтану кафесі пайда болды

Тез тамақтанудың алғашқы нүктесі Осакаров ауданының Есіл ауылында пайда болды. Кәсіпкер Александр Пята мен оның әйелі Фатима House Food №5 кафесін ашты.

- Біз Есілде дүниеге келгеннен бері тұрып жатырмыз, осында өстік және де, әрине, оның тұрғындары үшін бір нәрсе жасағымыз келеді, - дейді Александр. - Фаст-фуд кафесін ашу идеясын әйелім Фатима екеуміз көптен бері ойластырдық, енді қазір бізде осындай мүмкіндік пайда болды.

House Food № 5 атауының пайда болуында да бір себеп бар. Есіл бұрын №5 ауыл болған, мұнда қуғын-сүргінге ұшырағандар тұрған. Александр мен Фатима фаст-фуд нүктесінің атауында тарихи дерек қалдыру туралы шешім қабылдаған.

Бизнесті дамытуға шамамен 4 миллион теңге жұмсалды. Қазір кәсіпорында тек отбасы мүшелері жұмыс істейді.

House Food - бұл ең алдымен үйде дайындалған тағам, бірақ фаст-фудты ұнататындарға Пята отбасы тұшпара, ірімшік таяқшалары, картоп кесектері, фри картобы, тауық еті, қанаттар және басқаларын ұсынады.

Ауылда шағын фаст-фуд кафесі сұранысқа ие. Қазір House Food № 5 тапсырысты жеткізу арқылы жұмыс істейді.

Ауыл тұрғындары кафедегі жаңалықтар мен акциялар туралы Instagram-нан біледі.

- Бұрын біз бургерлер, донерлер, нагетстер және басқаларын сатып алу үшін аудан орталығына баратынбыз, ал қазір Instagram-ға кіріп, қажет нәрсенің бәріне тапсырыс береміз, - дейді Вероника Захарова.

Болашақта Пята отбасы өз бизнесін кеңейтуді жоспарлап отыр.