
Теміртауда мемлекеттік-жекешелік әріптестік бағдарламасы бойынша балалар ауруханасы базасында алғашқы "Бала" атты балаларды оңалту орталығы ашылды. Орталық қайта қалыпқа кнлтіру еміне 18 жасқа дейінгі балаларды қабылдайды.
"Бала" неврология, нейрохирургия, травматология, ортопедия, кардиохирургия секілді бейіндер бойынша тәуліктік стационардың 30 төсегіне есептелген.
Орталық қалпына келтіру емі бойынша келесі қызметтерін ұсынады: физиопроцедуралар, массаж, ЕДШ, механотерапия.
Медициналық мекемеде 30-ға жуық маман жұмыс істейді.
Сондай-ақ "Бала" БОО-да инклюзивті білім беру жобасы іске асырылуда. 5 жасқа дейінгі балалар ата-аналарымен бірге ауруханаға жатқызылуы мүмкін.
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша