"Сарыарқаның" жаңа бас бапкерінің есімі жарияланды

"Сарыарқаның" жаңа бас бапкерінің есімі жарияланды

"Сарыарқа" ХК бас жаттықтырушысы болып Александр Соколов тағайындалды, деп хабарлайды Қарағанды клубының ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 63 жастағы маман "Сарыарқаны" 2017-2018 жылдар аралығында басқарған болатын. Ол кезде ЖХЛ тұрақты чемпионатының 22 матчының қорытындысы бойынша Қарағанды командасы 39 ұпай жинап, турнирлік кестеде жетінші орынға ие болды. Содан кейін хоккейшілердің тәлімгері клубтан кеткен болатын.