
Сәтбаев қаласында тұратын жас ана және кәсіпкер Динара Ширекбаева Business Lady Qazaqstan беделді байқауының жеңімпазы атанды. Ол жыл сайын Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын және «Еңбек - ел мұраты» арнайы жобасын іске асыру аясында өткізіледі.
Байқауға кәсіпкер әйелдер қатысады. Биылғы сайыста Қазақстанның әр өңірінен, соның ішінде Көкшетау, Сәтбаев, Арыс, Алматы, Қостанай және Нұр-Сұлтан қалаларынан келген он әйел бақ сынасты. Business Lady Qazaqstan Гран-приін Сәтпаев қаласында тұратын жас ана Динара Ширекбаева жеңіп алды.
Business Lady Qazaqstan жүлделерінің бірі – пандемиядан кейін әлемнің көптеген елдерінен бизнес-байқаулардың жеңімпаздары жиналатын Францияға жолдама. Шеберлік сабақтарынан бөлек байқауға қатысушылар тәжірибе алмасып, іскерлік байланыс орната алады.
Динара Ширекбаева той іс-шараларында, қалыңдықты шығарып салуда қазақ дәстүрлерін дәріптеумен айналысатын Event-Group агенттігін басқарады. Пандемияға байланысты жеңімпаз компания жұмыс істей алмайды, бірақ әйел қиын уақыттың аяқталуын күтіп, қол қусырып отырған жоқ.
- Жаңа жобаны ынтамен дайындап жатырмын - ірімшік жасаушы болуды армандаймын. Табиғи өнімдер негізінде бәсекеге қабілетті өндіріс жасағымыз келеді, - дейді Динара Ширекбаева. - «Атамекен» ӨКП мамандарының көмегімен бизнес-жоспар құрдым. Менің жобам қолдау табатынына сенімдімін.