
Smart card компаниясы зейнеткерлер мен мектеп оқушыларына карталарды www.scard.kz сайтында тіркеу қажет екенін еске салады. Бұл картаны сатып алғаннан кейін 10 күн ішінде жасалуы керек. Тіркелмеген пайдаланушылар үшін жол жүру тарифі 80 теңгені құрайды.
Тіркелу үшін оқушының/зейнеткердің логинін, паролін, ұялы телефон нөмірін және ЖСН көрсету қажет. 2007 жылғы 13 тамыздан кейін туылған балаларда ЖСН туу туралы куәліктерде көрсетілген. Қалған азаматтар үшін ЖСН генерациялауды ішкі істер органдары жүргізеді.
Сонымен қатар, картаны тіркеуге call-орталық мамандары көмектеседі.
Телефоны: (8-7212) 92-23-94.