Қарағандыда Qoldau еріктілерді қолдау орталығы ашылды

Қарағандыда Qoldau еріктілерді қолдау орталығы ашылды

Қарағандыда Qoldau еріктілерді қолдау орталығы ашылды. Ол Nur Otan партиясының ғимаратында жұмыс істейтін болады.

Орталықты құрудың басты идеясы – пікірлестерді біріктіру және тәжірибе алмасу. Мұнда волонтерлік бастамаларды іске асыру үшін жаңа білім мен қажетті ресурстар алуға болады.

- Бұл әр түрлі іс-шаралар өткізуге, қарым-қатынас жасауға мүмкіндік беретін ашық алаң, - дейді Қарағанды облысының жастар ресурстық орталығының директоры Аида Ысқақова. - Орталық жұмыс істеу үшін техникамен жабдықталған. Бұл жаңа идеялар үшін жақсы бастама болады деп үміттенеміз.

Кездесуде волонтерлер Сovid-19 өршу кезеңінде атқарылған жұмыстар және өңірде іске асырылып жатқан волонтерлік жобалар туралы айтып берді.

Облыстағы көп уақыттан бері қызмет істеп келе жатқан волонтерлік ұйымдардың бірі «ҚР Қызыл Жарты Ай қоғамы» ҚБ болып табылады. Оның жетекшісі Татьяна Абрамова еріктілерді барынша қолдауға уәде берді.

- Бүгін біз еріктілермен білім, ресурстар және дағдылармен бөлісуге дайынбыз, - дейді Татьяна Александровна. - Qoldau орталығының басты бағыты – барлық мұқтаж тұлғалардың бірлесуі болып табылады. Еріктілердің көбеюін, және де олардың қызметі біздің облыстың дамуы мен гүлденуіне ықпал еткенін қалаймын.

Кездесуде облыстың коронавирустық инфекцияның екінші толқынына дайындығы туралы сөз қозғалды. Өңір басшысы биыл облыстың 60-қа жуық денсаулық сақтау нысаны жөнделгенін атап өтті. Қазір Жезқазғанда инфекциялық модульді аурухананың құрылысы аяқталуда. Медициналық мекемелерді медициналық техникамен толық жабдықтау бойынша үлкен жұмыс жүріп жатыр. Келесі аптада 700 ӨЖЖ аппараты жеткізіледі. Дәрігерлер мен олардың отбасыларына өтемақы төленеді.

Пандемия кезінде Қарағанды облысының көптеген кәсіпкерлері де шетте қалмады. Атап айтқанда, меценат Ғабдолла Дүйсенбаев COVID-19 диагностикасы үшін экспресс-тест сатып алуға 5 млн теңге бөлді. Qoldau орталығына Ғабдолла Болатұлы ұйымдастыру техникасын сыйға тартты.

- Біздің жастарымыз өте белсенді екенін өріп отырғаныма қуаныштымын. Бұл орталық еріктілерді ғана емес, барлық жанашыр қазақстандықтарды, нағыз патриоттарды да жұмылдыруы тиіс, - деп атап өтті Қарағанды облысы дзюдо федерациясының вице-президенті Ғабдолла Дүйсенбаев.

Кездесуде карантин кезінде халыққа көмек көрсеткен волонтерлер мен жанашыр қарағандылықтар марапатталды. «Халық алғысы» медальдары, Қазақстан Республикасы Президентінің атынан алғыс хаттар және Қарағанды облысы әкімінің жастар кәсіпкерлігін дамытуға және қолдауға арналған гранттары табыс етілді.

- Пандемия кезінде сіздер жай сөзбен ғана емес, іс-әрекеттеріңізбен еріктілер қозғалысы - бұл үлкен күш екенін дәлелдедіңіздер, - деді өңір басшысы Жеңіс Қасымбек. - Еріктілік бүгінде біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналуда. Сіздерге жанашырлықтарыңыз үшін алғыс айтамыз! Еріктілерді барынша қолдап, еліміздің тұрғындарына көмектесетін кәсіпкерлерге де алғысымыз зор.

Бүгінгі таңда өңірде 7 мыңға жуық қатысушыны қамтитын 97 волонтерлік ұйым жұмыс істейді. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, жалғыз басты қарттарға, мүгедектерге және халықтың басқа да аса мұқтаж санаттарына көмек көрсету бойынша 966 акция өткізілді.