
Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек кезекті виртуалды қабылдау өткізді. Өңір тұрғындары коммуналдық салаға қатысты сұрақтармен жүгінді.
Теміртау тұрғыны Гүлсара Дәулетбаева пәтерінде жылудың жоқтығына шағымданды.
- Жалпы үйге жылу келіп жатыр, - деп шағымға Теміртау әкімі Қайрат Бегимов жауап берді. - Мәселе келесіде, пәтерде олар құбырларды өз бетінше ауыстырған.
Облыс әкімі жақын арада Теміртау тұрғынының пәтеріндегі жылыту мәселесін шешуді тапсырды.
- Егер адам кездесуге келсе, онда оның проблемасы бар. Теміртау қаласының әкіміне оны шешуді тапсырамын, - деді Жеңіс Қасымбек.
Сондай-ақ онлайн-кездесуде Қарағанды қаласындағы Нестеров көшесі мен оған іргелес жатқан жеке сектор көшелерін жарықтандыру, бейнебақылау камералары мен кәріз орнату мәселелері айтылды.
- Біздің ауданның проблемасы жеке секторда кәріз жүйесінің жоқтығымен байланысты. Қала әкімі ақпан айында осы жылы ЖСҚ жасалып, келесі жылға кәріз төселеді деп уәде берді. Сондай-ақ бізде жарық жоқ. Бейнебақылау камераларын орнату да бізге артық болмас еді. Бұл рұқсат етілмеген қоқыс тастау мәселесін шешуге мүмкіндік береді, - деп санайды жеке сектордың тұрғыны Павел Ларченко.
Жеңіс Қасымбек қала әкімі Ермағанбет Бөлекпаевқа Нестеров көшесінің тұрғындарымен кездесіп, барлық мәселелерді егжей-тегжейлі талқылауды тапсырды.
- Қала әкіміне аталған аудандағы кәріз жүйесі бойынша барлық құжаттаманы күзгі-қысқы кезеңде аяқтауды және жазда бәрін жасауды тапсырамын, - деді облыс басшысы.