
Балқашта жеке тұрғын үй құрылысына кезекте 1 182 адам тұр. 2006 жылдан бастап мемлекеттік бағдарлама бойынша бірде-бір учаске берілмеген. Мәселе құрылыс салудан бос аумақтарда инженерлік және коммуналдық желілердің болмауымен байланысты болды. Бүгінде әрқайсысы 10 сотық жерден 320 жер учаскесі беруге дайындалуда. Болашақ тұрғын ауданды жылумен, сумен және электр қуатымен қамтамасыз етуге қаржы бөлінді.
- Біз ауыз суға арналған құбырларды салу жұмыстарын аяқтадық, - дейді мердігерлік ұйымның өкілі Нұрғазы Қонысбаев. - Олардың жалпы ұзындығы - 14 шақырым. Енді біз суды жіберіп, ақаулар бар-жоғын тексереміз. Бетон құдықтарымыз, ПВХ құбырлары Қазақстанда жасалған, құрамдас бөлшектері Швейцариядан жеткізілген.
Жылумен қамту мәселесін желтоқсан айында толығымен шешу жоспарланып отыр. Қазірдің өзінде жылдам ағып кетуді анықтайтын ақылды технологиясы бар екі шақырымнан астам оқшауланған құбырлар төселіп болды.
Болашақ тұрғын үйді электр қуатымен қамтамасыз ету жұмыстары әлі бастапқы сатыда. Екі қосалқы станциясы бар 11 шақырым кабель желісін өткізу үшін республикалық бюджеттен ақша бөлінді. Бұл қуат 300-ден астам үйді электр қуатымен қамтамасыз ету үшін жеткілікті.
- Бүгінгі таңда «Самал» шағын ауданындағы тұрғын үй үшін ЖТҚ арналған 320 жер теліміне сумен жабдықтау жүйесі өткізілді, - дейді жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы Тұрбек Қиынбек. - Электр және кәріз желілерін жүргізу жоспарлануда.
Биыл жергілікті және республикалық бюджеттен ЖТҚ үшін учаскелерді коммуналдық игіліктермен қамтамасыз етуге 800 млн теңгеден астам қаражат бөлінді. 2021 жылы жұмыс жалғасады. Ол жұмыстар аяқталған соң жер беру басталады.