Қарағандылықтар мен қала қонақтарын облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне шақырады

Қарағандылықтар мен қала қонақтарын облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкелеріне шақырады

Жыл соңына дейін Қарағанды қаласында сегіз «Ауыл береке» атты облыстық ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі  өтеді. Сауда-саттық шаралары 8, 15, 22 және 29 қарашада, сондай-ақ 6, 13, 20 және 27 желтоқсанда ұйымдастырылмақ.

Жәрмеңке сөрелерінен тұрғындар жергілікті өндірушілердің ауыл шаруашылығы өнімдерін, ет пен сүт тағамдарын және басқа да тауарларды нарықтағы орташа құннан төмен бағамен сатып ала алады.

Іс-шараның өтетін орны – «Global City» сауда-ойын-сауық орталығы (134-есептік квартал, 921-ғимарат).

Сауда таңғы сағат 09:00-де басталады.

Келушілер жәрмеңкеге №5, 19, 31, 40, 56, 63, 66, 70, 146, 02 және 29 бағытындағы автобустар мен маршруттық таксилер арқылы жете алады.