
Wooppay компаниясы Қарағанды облысының тұрғындары үшін қаржылық технологиялар саласында тегін оқыту жүргізеді. Ең еңбекқор және қабілетті адамдар кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен ақылы тағылымдамаға шақырылады.
Айта кету керек, Wooppay халықаралық финтех-компаниясының техникалық қолдау қызметі техникалық қолдау академиясының екінші легін іске қосты. Бұл оқыту саппорт саласында жұмыс істейтін немесе IT саласында мансабын бастағысы келетіндерге қатысты.
- Біз өз қолдау қызметімізді нөлден бастап, сынақтар мен қателіктерді өткере отырып құрдық. Көп нәрсені үйреніп алдық, тәжірибемізбен бөлісуге дайынбыз, - дейді Wooppay компаниясының техникалық қолдау қызметінің басшысы Александра Караман. - Пайдаланушылармен қалай жұмыс істеу керектігін үйреткіміз келеді. Сондай-ақ, онлайн-төлемдерге қатысты бірнеше қаржылық сауаттылық сабақтарын өткіземіз. Бірінші ағымнан шыққан екі оқушы бүгінде қолданушыларға біздің жетекші мамандарымыз ретінде көмектеседі.
Оқыту 19-21 қазан аралығында өтеді.
Өтінімді келесі сілтеме бойынша қалдыруға болады немесе мына телефондар бойынша: +7-701-527-96-97, +7-701-514-71-07.
⠀