Теміртауда тегін шешендік өнер мектебі ашылды

Теміртауда тегін шешендік өнер мектебі ашылды

Теміртау мәдениет сарайында қала тарихында алғашқы "Ақсұңқар" шешендік өнер мектебі ашылды. Курстар жастарды қазақ тілінде әдемі және еркін сөйлеуге оқыту үшін құрылған.

- Адам құндылықтарының бірі - өзіне деген сенімділік, - деп түсіндіреді мектептің ашылуында Мәдениет сарайының әдіскері Ардабек Октябрь. - Біздің мақсатымыз - оны ояту, адамды қорқыныштан арылту. Біз шешендік өнерді игерген адамдар кез-келген салада өзін көрсете алады деп санаймыз. Олар көпшілік алдында сөйлеуге қорықпайтын болады.

Мектепте сабақтар тегін өткізіледі. Курстарға орта және жоғары мектеп оқушылары, сонымен қатар студенттер жазыла алады. Жас ауқымы - 13-тен 25 жасқа дейін.
Жазылу Теміртау мәдениет сарайында жүргізіледі.