
Еліміздің жоғары оқу орындарында әскери кафедралардың комиссиялары студенттерді іріктеуге кірісті. Тестілеу қанның 12-нен 21-не дейінгі аралықта біріктірілген форматта - онлайн және офлайн режимінде өтеді.
Іріктеу "Запастағы офицерлер бағдарламасы бойынша әскери даярлық қағидаларын бекіту туралы" ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына енгізілген өзгерістерге сәйкес жүзеге асырылады.
Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу қашықтықтан өткізіледі. Содан кейін бетпе-бет кезең басталады.
Қарағанды техникалық университетінің әскери кафедрасында тест қабылдайтын сыныптар жабдықталған. Бұл университетте бір орынға үш адамнан байқау жарияланған. 300 орынға мың өтініш берілді.