Теміртау мұражайы "Балалар денсаулығын сақтайық" атты көрмеге шақырады

Теміртау мұражайы "Балалар денсаулығын сақтайық" атты көрмеге шақырады

Экспозиция 15 қазан күні қалалық тарихи-өлкетану мұражайында ашылды. Ол қаладағы алғашқы балалар ауруханасының 70 жылдығына және Теміртау қаласының 75 жылдығына арналған.

Көрме классикалық мұражай стилінде жасалған және бес бөлімге бөлінген ақпараттық блоктардан құралады. Мұнда Теміртау қаласының балалар ауруханасының құрылған сәтінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихы баяндалады.
Балалар медицинасының экспонаттары ерекше қызығушылық тудырады: балаларға арналған рентген-құрылғы, жаңа туған нәрестелерге арналған таразылар. Экспозицияның фоны металлургтер қаласының көріністері бейнеленген баннерлермен безендірілген.
Балалар ауруханасы 1950 жылдың қазан айында ашылды. Ол Теміртаудағы балалар денсаулығымен кәсіби айналысатын бірінші мекеме болды. Қазір балалар ауруханасы Ана мен бала көп салалы орталығының бір бөлігі болып табылады.

Мұражай келушілер үшін күн сайын ашық: дүйсенбіден жұмаға дейін 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі және жексенбі күндері-09.00-ден 17.00-ге дейін.