
Қазақ халық аспаптары академиялық оркестрінің XXXIII музыкалық маусымының ашылуы бүгін, 15 қазанда онлайн-режимде өтеді. Іс-шара халық композиторы Тәттімбет Қазанғапұлының 205 жылдығына арналды.
Музыканттар үлкен концерттік бағдарлама дайындады. Пандемияға қарамастан және интернеттің арқасында маусымның ашылуын әлемнің кез-келген бұрышынан тамашалауға болады. Классикалық музыка әуесқойлары қазақ және еуропалық композиторлардың шығармаларын тыңдай алады. Олардың қатарында Тәттімбеттің «Азамат Қожа», «Сарыжайлау» және «Секіртпе», Феликс Мендельсонның «№4 Симфониясы», Джузеппе Вердидің «Набукко» операсына увертюра бар.
Кеш қонақтары – Республикалық және халықаралық байқаулардың лауреаттары Азат Тұранел мен Рысты Рахымжан. Азат Тұранел Сезаре Биксионың «Махаббат жері, үміт жері» телехикаясының «Көзіңді неліктен төмен түсірдің?» саундтрегін, сондай-ақ Ахмет Жұбановтың Абай операсынан ариясын орындайды. Рысты Рахымжанның орындауында Имре Кальманның «Королева чардаша» опереттасынан Сильваның ариясы мен «Бір пиала май» ұйғыр халық әні шырқалады.
Оркестрге дирижерлер жетекшілік етеді. Олар Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Әбдіғалысын Шоқанбаев және «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ерлан Бақтыгерей.
33-ші музыкалық маусымның ашылуын 15 қазан күні сағат 19.00-де Қарағанды концерттік бірлестігінің Youtube-арнасынан көруге болады. Сондай-ақ, оркестрдің концерттік қызметі туралы жаңалықтармен Instagram-да @sanzhar.ashkenov, @orkestr.tattimbet парақшаларынан танысуға болады.