Қарағанды зообағы «Туған жерім – Қазақстан!» атты балалар суреттерінің онлайн байқауын жариялады

Қарағанды зообағы «Туған жерім – Қазақстан!» атты балалар суреттерінің онлайн байқауын жариялады

Қарағанды зообағы жас қылқалам шеберлерін «Туған жерім – Қазақстан!» атты онлайн байқауға қатысуға шақырады.

Байқауға қатысушылар туған елдің табиғатын, жануарларын, кең байтақ даласы мен асқар тауларын, сондай-ақ өздері елестеткен Қазақстанның бейнесін қағаз бетіне түсіруі тиіс. Байқаудың негізгі мақсаты – балалардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру және олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Қатысу шарттары:

- өз суретіңізді әлеуметтік желідегі жеке парақшаңызда #ТуғанЖерімҚазақстан #krgzoo;

- парақшаңыздың ашық екеніне көз жеткізу;

- зообақтың ресми жазбасындағы пікірлерге үш досыңызды белгілеу (@krgzoo).

Жұмыстарды қабылдау мерзімі — 2025 жылғы 25 қазанға дейін (қоса алғанда).

Үздік жұмыстар Қарағанды зообағының ресми парақшасында жарияланып, жеңімпаздар естелік сыйлықтар мен арнайы дипломдарға ие болады.