Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ Көмір департаментінің «Саран» шахтасында жаңа тазарту құрылыстары пайдалануға енгізілді. Жоба 2018 жылдың соңында басталды. Оны іске асыру өңірдегі экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді және Соқыр өзенінің жай-күйіне жағымды әсер етеді.
- «Саран» шахтасында бұрынғы тазарту жүйесі 1973 жылдан бері қолданылып келеді. Сол уақыттан бері экологиялық стандарттар өзгерді және әлдеқайда қатал бола түсті. Технология алға жылжыды. Жаңа буынның заманауи тазарту құрылыстарын салу туралы шешім қабылданды. Бұл мақсатқа қол жеткізілді, - дейді «АрселорМиттал Теміртау»АҚ Көмір департаментінің бас экологы Әсел Кәрімова.
Станция тәулігіне 700 текше метрге дейін суды тазалай алады. Көпсатылы тазарту технологиясы шыға берісте залалсыздандырылған таза су алуға мүмкіндік береді. Процесс толығымен автоматтандырылған, оны бірнеше адам басқарады.
Жабдықты орнату бір жарым айға созылды.
Компания хабарлағандай, тазарту құрылыстары «Тентек» шахтасында да ауыстырылатын болады.