
Қарағанды облысының Осакаровка кентінде "Шығармашылық калейдоскоп" көрмесі өтті. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында оны Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ұйымдастырды. Көрмеге ерекше шеберлердің жұмыстары қойылған.
Бастамашылар - әлеуметтік қызметкерлер. Осымен үшінші рет олар өз шәкірттерінің шығармашылығын ұсынып отыр. Мүмкіндігі шектеулі адамдарға өздерін танытуға, жаңа таланттарды ашуға көмектеседі.
Биыл көрме санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып өтті. Барлық жұмыстар үйде орындалды. Авторлар денсаулығына қауіп төндірмеу үшін тұсаукесерге олар жиналған жоқ.
Көрмеге 50-ден астам жұмыс қойылған. Қатысушылардың жасы - 8-ден 50 жасқа дейін.
Авторларды демеушілер - "Сарыбел" кредиттік серіктестігі мен меценаттар ұсынған сыйлықтармен марапаттайды.