
Осы демалыс күндері Теміртау балалар мен жасөспірімдер театрында 31-ші театр маусымы ашылады. Спектакльдерді көрсетуден басқа, мұнда көрермендер мен актерлерге арналған құттықтау бағдарламасы, бірнеше балалар мен ересектерге арналған фото аймақ, викториналар мен сыйлықтар ойнатылады.
Сенбі күні ашылу салтааты жас қонақтарға арналған мерекелік бағдарламадан басталады. Балаларды бойлы қуыршақтар қарсы алады, ал 12.00-де оларға «Етік киген мысық» ертегісі көрсетіледі. 18.30-да ересек аудиторияға арналған «RE: Обломов» спектаклі ұсынылады.
Тетар сүйер қауымды жексенбіде мерекелік бағдарлама мен ойындар күтеді. Сағат 12.00-де театрда ең кішкентай көрермендерге арналған «Түлкі мен аю» атты жаңа интерактивті ертегі ұсынылады. «Провинциялық анекдоттар» спектаклінің көрсетілімі 17.00-ге жоспарланған. Қойылымнан кейін труппаға жаңа маусымның басталуына орай құттықтау хаттары табыс етіледі.
Театр санитарлық нормаларды сақтау қажеттігін еске салады. Көрермендер бетперде киіп, қолдарын антисептикпен өңдеуді ұмытпауы керек.