
Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толуына орай Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында «Өмір жолы - Non Stop» экспозициясы ашылды.
Көрме бірнеше блоктан тұрады. Біріншісі азаматтық қорғаныстың құрылу тарихына арналған. Мұнда азаматтық қорғаныс органдарының мұражай коллекциясындағы фотосуреттер мен заттары ұсынылған.
Экспозицияның келесі бөлімінде Теміртаудың өрт сөндіру қызметі туралы баяндалады. Өрт сөндіруші мамандығының барлық қиындықтарын құрал - саймандар мен жабдықтар, сондай-ақ фото- және бейнематериалдар ашып көрсетеді.
Көрмеде өз тарихын 1947 жылы бастаған металлургтер қаласының Суда құтқару қызметіне де орын бөлінген. Экспозицияда ұсынылған сүңгуірлердің костюмдері мен жабдықтары ерекше қызығушылық тудырады.
Экспозиция блоктары әрбір қазақстандыққа белгілі «112» шұғыл шақыру телефон нөмірімен біріктірілген.
- Сим-картаның жоқтығына, теңгерім минуста болғанына немесе аймақ «қолжетімсіз» болғанына қарамастан, еліміздің кез келген азаматы әрдайым көмек ала алады, - дейді мұражай қызметкері Ольга Шувалова. - Еліміздің барлық құтқарушыларының жұмысының арқасында өмір жолы үзілмейді.
«Өмір жолы - Non Stop» көрмесі бір ай бойы жұмыс істейтін болады.
Мұражай келушілер үшін күн сайын ашық: дүйсенбіден жұмаға дейін - 09.00-ден 18.00-ге дейін, сенбі және жексенбіде - 09.00-ден 17.00-ге дейін.