Қарағандылықтарды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағандылықтарды «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жалпықалалық сенбілікке қатысуға шақырады

Қарағандыда ел бойынша өтетін «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылады. 11 қазан, сенбі күні қала тұрғындарын өз ауласын, көшесін және қоғамдық аумақтарды тазалауға белсенді қатысуға шақырады. Әр тұрғынның қатысуы — туған өлкенің тазалығына қосылған нақты үлес.

Сенбілік барысында тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстар жиналып, ағаштар мен бұталар егіледі, аулалар мен көшелер ретке келтіріледі. Экологиялық шараның мақсаты — қала аумағын көркейту, тазалық мәдениетін қалыптастыру және тұрғындардың табиғатқа жауапкершілікпен қарауын арттыру.