
"QazTrade" Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ Gold Supplier мәртебесі бар аккаунттар берілетін қазақстандық ұйымдарды (тауар өндірушілер мен сауда компанияларын) Аlibaba.com платформасына іріктеуге қатысуға өтінімдерді қабылдайды. Өтінімдерді онлайн-қабылдау export.gov.kz порталда ашық. Өтінімдер 17 қазанға дейін қабылданады.
Alibaba.com-дағы қазақстандық компаниялардың жалпы саны кем дегенде жүзге жетеді. Осылайша, алаңда Қазақстан павильоны құрылады.
Қазақстандық компанияларды Alibaba.com интернет-платформасына шығару бойынша барлық мәселелер бойынша export.gov.kz порталына жүгіну қажет немесе +7-778-995-98-62 және +7-776-111-80-82 телефондары бойынша хабарласу керек.