
Бірегей олжа Центральное ауылының мұражай коллекциясында сақтаулы. Аяқ киімді жергілікті тұрғындар бір кездері жер аударылғандар тұрған үйді қазып алған кезде тапқан.
Баршаға белгілі, Осакаров ауданында жаппай саяси қуғын-сүргін кезінде бірқатар кенттер құрылған. 1952 жылы №4 арнайы кенті Центральное ауылы болып өзгертілді. Бұл кенттерде жер аударылған азаматтардың туыстары әлі де тұрып жатыр. Олардың жергілікті тарихқа ерекеше қарауы біздің жерлестерімізге деген мақтаныш сезімін тудырады.
Центральное ауылы тек домбыра жасаған музыка шеберханасымен ғана емес, сонымен бірге өз мұражайымен де танымал. Аталмыш тарихи заттар жалпы білім беретін мектеп қабырғасында орналасқан және көптеген қызықты артефактілері бар. Бұл заттардың барлығы бір кездері ауылдың негізін қалаушыларға тиесілі болған. Мұнда неміс тілінде 1890 жылы жарық көрген Киелі кітап, тұрмыстық заттар, сондай-ақ ауылдастардың, майдангерлердің, жауынгер-интернационалистердің жеке заттары сақталған. Бірақ ең
таңғажайып жәдігер - Күл қыздың аяқ киіміне ұқсас тас туфли.
Мұражай қызметкерінің айтуынша, ол мұражайға кездейсоқ келген. Ауыл тұрғындары ескі үйді реттеу кезінде аяқ киімді тауып алған. Ол қайдан пайда болды және қанша жыл бұрын жасалғаны белгісіз. Мүмкін, туфлиді өздерімен бірге жер аударылғандар алып келген болар. Бірақ ауыл тұрғындары алдағы уақытта аяқ киімнің шығу тегі туралы құпия ашылады деп үміттенеді.