
"Qaz Carbon" ЖШС 10-шы қазанда Қарағанды қаласындағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақта өтемдік көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын 400 ағаш отырғызды.
Өтемдік ағаш отырғызу бағдарламасы аясында "Qaz Carbon" ЖШС жергілікті атқарушы органдардың келісімі бойынша Майқұдықтағы Қазақстанның 50 жылдығы атындағы саябақта көгалдандыру бойынша бірінші рейд ұйымдастырды. Кәсіпорын барлығы 770 ағаш отырғызуды жоспарлап отыр. Олардың 400-і саябаққа егілді. Бұл пирамидалық терек, қарағай, қайың және үйеңкі. Жаңа Майқұдық мәдениет үйі және Көгілдір тоғандар шағын ауданында тағы 370 ағаш отырғызылады.
"Qaz Carbon" және "YDD CORPORATION" ЖШС акционерлері Ерлан Нығматулин мен Давид Кемертелидзе қоршаған ортаны қорғауға ерекше көңіл бөледі.
Естеріңізге сала кетейік, "Qaz Carbon" ЖШС қызметінің негізгі түрі шойын және болат ұсақтайтын шарларды дайындау, шойын мен болаттың түрлі маркаларынан фасонды құю, сондай-ақ кокс және жартылай кокс өндіру болып табылады. Бүгінгі таңда кәсіпорында 1 220 қызметкер жұмыс істейді, олардың 83%-ы Майқұдық тұрғындары.