
Қарағанды облысының ТЖД баспасөз конференциясында Ермеков көшесі бойындағы көпқабатты үйде болған өртке қатысты мәлімет берілді. Бір күнде бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ түрлі жағдайлар бойынша екі қоңырау келіп түскен.
Сағат 12.30-да шатырда түтін пайда болуына байланысты өрт сөндірушілер шақырылған. Қоңырау №7-ші кіреберіс тұрғындарынан келіп түскен. Келген құтқарушылар шатырдың жұмсақ құрамаларын жөндеу кезінде өрт қауіпсіздігінің бұзылғанын анықтады. Кінәлілер жазаланды.
Бұл оқиға соңыра орын алған №11-ші кіреберістің тоғызыншы қабатындағы пәтердегі өртке ешқандай қатысы жоқ. Алдын ала болжам бойынша, үш адамның өмірін қиған өрттің себебі жылытқыш болды.
Баспасөз конференциясына қатысушылар, жылыту маусымы басталғанда пәтерде неліктен жылытқыштар жұмыс істеді деген сұраққа жауап берді. "Теплотранзит" ЖШС директорының техникалық орынбасары Иван Выткиннің айтуынша, бұл үйге жылу жіберу кезінде №9 кіреберістің жертөлесінде жылу трассасында ақау байқалған. Бүгінде ПИК қызметкерлері ақаулықтарды жойды, жақын арада жылу берілетін болады.
- Құбырлардағы анықталған ақау - бұл бірінші кезекте ПИК-тің толыққанды жұмыс істемеуінің салдары, - деді Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының әкімі Нұрлан Рыстин. - Пәтер иелері кооперативтерінің барлық басшыларына жүгінгім келеді: өз жұмыстарыңызға барынша жауапкершілікпен қарау керек. Көп нәрсе басқару органдарының кондоминиумдар аумағында қалай дұрыс жұмыс істейтініне байланысты.
Ермеков көшесіндегі үйде орын алған өртті тергеу бақылауға алынды. Нәтижелер мәлімделетін болады.