
Саран қаласында Дүниежүзілік тазалық күні қарсаңында экологиялық сенбілік өтті. Тазалық жұмыстарына 100-ден астам адам – қала жастары, облыстық балық шаруашылығы инспекциясының, жануарлар дүниесі мен балық ресурстары инспекциясының қызметкерлері қатысты.

Су қоймасының жағалауынан 57 қап қоқыс жиналды.

Оның ішінде 25 қап пластик, шыны және қайта өңдеуге жарамды басқа да қалдықтар «Вторсырьё Караганда» компаниясының Сарандағы қабылдау пунктіне тапсырылды.

Сенбіліктің ұйымдастырушылары – Қарағанды облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мен Саран қаласының әкімдігі.

Акцияның басты мақсаты тек қана тазалық орнату емес, сонымен қатар халық арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау мәселелерінде сананы арттыру болды.

Дүниежүзілік тазалық күні жыл сайын қыркүйектің үшінші сенбісінде аталып өтеді. Биыл ол 20 қыркүйекке сәйкес келеді.
