Saryarka облыстық спартакиадасы онлайн-форматта өткізіледі

Saryarka облыстық спартакиадасы онлайн-форматта өткізіледі

Қарағанды облысының кез келген тұрғыны Saryarka облыстық спартакиадасына қатыса алады. Биыл ол онлайн-форматта өтеді. Жарыс Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған.

Біріншілікті ұйымдастырушы - дене шынықтыру және спорт басқармасы.

Спартакиада екі кезеңмен өткізіледі. Біріншісі - 7-11 қазан аралығында қалалар мен аудандарда. Екінші кезең облыстық деңгейде 14-18 қазанда өтеді. Ақтық сайыста қалалар мен аудандардың құрама командалары өнер көрсетеді.

Біріншілікте өз мүмкіндкктерін көрсеткісі келетіндер үшін спорт түрін таңдауға болады: шахмат, дойбы, бес асық, тоғызқұмалақ, жеңіл атлетика (жүгіру, орнынан секіру), күш гимнастикасы, пауэрлифтинг (жатып сығылып көтерілу), футбол (доппен жонглерлік ету) және гір спорты.

Спартакиадаға кез-келген жастағы спорт әуесқойлары - ересектер мен балалар қатыса алады.

Біріншілікте өз қабілеттерін көрсету және ұлттық құрамаға кіру үшін іріктеу турларының ұйымдастырушылары болып табылатын аудандық және қалалық спорт бөлімдеріне қоңырау шалу қажет.

Жарыстар туралы ақпаратты дене шынықтыру және спорт басқармасының ресми сайтынан және karsportpress (Facebook), karsportregion (Instagram) әлеуметтік желілеріндегі парақшалардан бақылауға болады.

Жүлделі орындарға ие болған қалалар мен аудандардың командалары грамоталармен және медальдармен, дипломдармен және кубоктармен марапатталады.