Қарағанды театрының актёрлері оқушыларға арналған бейнесабақтарын жалғастырады

Қарағанды театрының актёрлері оқушыларға арналған бейнесабақтарын жалғастырады

К. С. Станиславский атындағы Қарағанды орыс драма театры "Қазақстан театрлары - мектептерге" онлайн-акциясына белсенді қатысушылардың бірі болды. Жобаны Россотрудничество өкілдігі бірқатар БАҚ редакцияларымен бірге жариялады.

Жобаның мақсаты - оқушыларға әдеби шедеврлердің мазмұнын тереңірек түсінуге, көкжиектерін кеңейтуге және алдағы емтихандарға, байқауларға, олимпиадаларға дайындалуға көмектесу.

Карантин кезінде театр актёрлері 18 арнайы факультативтік бейнесабақтар дайындады, онда қазақ, орыс және шетелдік жазушылардың, ақындар мен драматургтердің шығармалары туралы айтылды. Атап айтқанда, ұлы ағартушы Абай Құнанбаев туралы үш сабақ өткізілбі және жазушы Олжас Сүлейменовтің шығармашылығы назарға ұсынылды. Жаңа оқу жылында орыс ақыны Сергей Есениннің өмірі мен шығармашылығына арналған бейнесабақ жарық көрді.

Бейнероликтер тек қазақстандық оқушылар арасында ғана танымал емес. Олар бүкіл әлемге тарайды. Театр актері Константин Снегирев дайындаған сабақтардың бірі Украинаның Нежин қаласының сайтында жарияланды.

Бүгінгі таңда жұмыстың көптігіне қарамастан, - театр актерлері спектакльдердің тұсаукесерлеріне белсенді дайындалуда, - бейнедәрістер бойынша жұмыс жалғасады.

Ақындар мен жазушылардың шығармашылығы туралы К. С. Станиславский театры актерлері оқыған  әңгімелерді ресми сайттан біле аласыздар.