
Қарағанды облысының барлық емханаларында қан айналымы жүйесі, қант диабеті, глаукома, онкология - жатыр мойны обыры, сүт безі обыры, колоректальды қатерлі ісік (тоқ ішектің қатерлі ісігі) ауруларын ерте анықтауға профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі. Скринингтің негізгі мақсаты - ауруды немесе оған бейімділікті мүмкіндігінше ертерек анықтау және уақтылы көмек көрсету.
2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап профилактикалық тексерулер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетінің құрамына кіреді. Сондықтан скринингтен тек сақтандырылған азаматтар ғана тегін өте алады. "Сақтандырылмаған" мәртебесі бар адамдар үшін тест ақылы.
Науқастың скринингтен бас тартуға құқығы бар.
Скринингтерді 18 жастан бастап жүргізуге болады. Алдын ала профилактикалық тексеруге тіркелудің қажеті жоқ. Науқас өзіне ыңғайлы кез келген уақытта келеді. Ол үшін әр емханада үш кабинет жұмыс істейді: әйелдер мен ерлердің қарау кабинеттері, дәрігерге дейінгі кабинеттер.
Жатыр мойны обырын скринингке міндетті түрде 30-дан 70 жасқа дейінгі әйелдер шақырылады.
40 жастан 70 жасқа дейінгі әйелдер емханаға сүт безі қатерлі ісігінің скринингіне келуі керек. Маммография екі жылда бір рет жасалады.
Колоректальды қатерлі ісік скринингін екі жылда бір рет 50 жастан 70 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер өтеді.