Қарағанды облысында дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшері әзірленген

Қарағанды облысында дәрі-дәрмектердің жеткілікті мөлшері әзірленген

Қарағанды облысында коронавирустық инфекцияның ықтимал жаңа толқынына белсенді дайындық жұмыстары жүргізілуде. Дәрімен қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылған.

Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету департаментінің мониторингтік мәліметтері бойынша, облыс қоймалары мен дәріханаларында COVID-19 емдеуге арналған дәрі-дәрмектер жеткілікті. Дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектердің қоры 330 мыңнан, вирусқа қарсы - 130 мыңнан, антибактериалды - 300 мыңнан астам және антикоагулянттар мен антиагреганттар - шамамен 260 мың қорапты құрайды.

Қажетті фармацевтикалық қор құру жұмыстары жалғасуда.

Қарағанды облысының әкімдігі «Сарыарқа» ӘКК-мен бірге дәрі-дәрмектердің тұрақтандыру қорын ұйымдастырды. Жетіспеушілікті болдырмау үшін 150 миллион теңгеге парацетамол, ацетилсалицил қышқылы, «Ингавирин», «Осельтамивир» сатып алынған. Сонымен қатар, «СК-Фармация» ЖШС тұрғындарға қажетті дәрі-дәрмектер сатып алуды жүзеге асыруда.