
Осакаров ауданы Есіл ауылының №2 орта мектебі жанындағы шағын орталықтың тәрбиешісі Галина Семёнычева өз қолымен 4 жастан 6 жасқа дейінгі балалардың ұсақ моторикасын дамытуға арналған арнайы кітап тігіп берді.
Ұсақ моториканың даму деңгейі - баланың мектепке интеллектуалды тұрғында дайын екенін көрсететін белгілердің бірі. Балаларға көмектесу үшін мұғалім оқу құралын жасады. Ол үшін алдын ала әріптестерінің тәжірибесін зерделеген.
«Ақылды қыз» деп аталатын оқу құралын жасау кезінде маталар, киіздер, моншақтар, ағаштан жасалған бұйымдар және тағы басқалар қолданылды. Әр бет - бөлек бір әңгіме. Мұнда үй жануарлары, гүлдердің барлық түрлері және жаңа жылдық мереке бар. Кітаптың көмегімен мұғалім балада ұсақ моториканы дамытып қана қоймай, оны математикалық есеп және уақытпен де таныстыра алады.
Галина Семёнычева бұл кітапты жасауға алты ай уақыт жұмсаған екен.
- Балалар тауарлары нарығында ұсақ моториканы дамытуға арналған ойыншықтардың үлкен таңдауы бар. Бірақ балалар ойыншықтарды өз қолдарымен жасаған кезде оны көбірек ұнатады, - дейді Галина Васильевна. - Мен кітапты жасауға мұқият ден қойдым. Барлығы тек қолдан жасалған. Мен әр параққа жаным мен жылуымның бір бөлігін салдым.
Галина Семёнычева білім беру жүйесінде 36 жыл және шағын орталықта 14 жыл тәрбиеші болып жұмыс істейді. Осы уақыт ішінде педагог өз қолымен балаларға арналған көптеген дидактикалық материалдар жасаған. Импровизацияланған құралдардан ол әйнекке құм салуға арналған құрылғы жасады.
- Құммен айналысу өте пайдалы, - дейді мұғалім. - Балалар тынышталады, қиялын қосады және тағы да ұсақ моториканы дамытады.