
Қарағанды облысын Цифрландыру күні 9 қазан сағат 15.00-де өтеді. Іс-шара онлайн-форматта ұйымдастырылады.
Келесідей жобалар таныстырылады:
- «Салынып жатқан нысандардың интерактивті картасы»;
- «Ақылды жарықтандыру»;
- «Ақылды аялдамалар».
Онлайн-кездесу Astana Hub-пен бірлесіп ұйымдастырылған. Шараның мақсаты - диалог алаңын құру, мемлекеттік органды цифрландыру міндеттері бойынша нарықтың хабардарлығын арттыру, сапалы жобалар мен ұсыныстар әзірлеу.
Онлайн-кездесуге қатысушылар әкімдікке өз сұрақтарын қойып, өз жобасын қарауға ұсына алады.
Егер сізде техникалық тапсырмалардың талаптарына жауап беретін дайын IT-шешімдер/өнімдер болса, өтінімді толтырып, жобаны 16 қазанға дейін жолдауыңызға болады.
Онлайн-кездесуге тіркелу.
Сұрақтармен t.bakushev@astanahub.kz e-mail бойынша хабарласыңыз.
Толығырақ: https://inov8.kz/digitalkaraganda.