Қарағандылықтарды Станиславский театрындағы мерейтойлық маусымның ашылуына шақырады

Қарағандылықтарды Станиславский театрындағы мерейтойлық маусымның ашылуына шақырады

Қарағанды К. С. Станиславский атындағы орыс драма театры көрермендерін 95-маусымның, яғни мерейтойлық маусымның ашылуын күтуде. Қонақтарға шақырылған режиссерлердің қатысуымен қойылатын жарқын премьералар ұсынылады.

Мерейтойлық маусым 6 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады. 

Салтанатты бөлімнен кейін көрермендерге театр репертуарындағы жауһарлардың бірі – «Доходное место» спектаклі көрсетіледі.

– Бұл маусым өте жарқын да мазмұнды болмақ, өйткені ол – мерейтойлық. Біз міндетті түрде режиссерлерді шақырып, жаңа премьералар қоямыз. Қазірдің өзінде біз Чеховтың «Чайка» пьесасын репетициялап жатырмыз. Оны бізге Мәскеуден келген режиссер Александр Муриев сахналап жатыр. Жаңа жылға қарай балаларға арналған ертегі қою үшін тағы бір режиссерді шақыруды жоспарлап отырмыз. 2026 жылдың басында Әлімбек Оразбековпен бірлескен жұмыс күтілуде. Ал әрі қарайғы жоспар – әзірге құпия. Айтарымыз, көрермендерді үлкен тосынсый күтіп тұр, – дейді театр труппасының меңгерушісі Татьяна Янцен.

Жаңа маусымда театрдың репертуарына да өзгерістер енгізіледі. Театрдың көркемдік жетекшісі Андрей Марычевтің айтуынша, қазіргі репертуарда спектакльдер тым көп, ал барлығын көрсетуге уақыт жетпей қалады.

– Маусымның соңына қарай біз талдап, сараптаймыз. Иә, репертуардан кейбір қойылымдарды алып тастауға тура келеді. Бірақ, қайталаймын, бұл тек маусымның соңында болады. Әзірге репертуар бұрынғысынша қала береді, – деді ол.