Қарағандылық қыз-келіншектерді маммологтың тегін қабылдауына шақырады

Қарағандылық қыз-келіншектерді маммологтың тегін қабылдауына шақырады

Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық сүт безі обырына қарсы күрестің дүниежүзілік айлығы аясында Ашық есік күнін өткізеді. Қарағандылықтар 6, 13, 20 және 27 қазанда онкомаммологқа тегін қабылдауға жазыла алады.

Кеңесті жоғары санатты дәрігер Әсел Үйсін жүргізеді.

- Сүт безі обыры соңғы жылдары онкологиялық аурулардың арасында бірінші орында тұр. Дені сау әйел жылына кемінде бір рет профилактикалық тексеруден өтуі керек, - дейді маман.

Телефон арқылы жазылу: 8-701-468-72-44.

Өңірлік акушерлік-гинекологиялық орталық Щорс көшесі, 53, мекен-жайы бойынша орналасқан.