
Нұр-Сұлтанда 3 және 4 қазан күндері ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Оған Қарағанды облысының 120-дан астам фермерлік шаруашылықтары мен қайта өңдеу кәсіпорындары қатысады. Сауда ашық ауада, барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып ұйымдастырылған.
Қарағандылықтар Елордадағы жәрмеңкеге 100 тоннадан астам ет, 15 тонна сүт өнімдерін, 350 тонна картоп, 95 тонна көкөніс жеткізді. Ассортиментте жалпы салмағы 600 тоннаға жуық жергілікті өнімдердің 117 атауы ұсынылды.
Қарағанды облысы елорданың азық-түлік белдеуін қалыптастыруға қатысады. Өңірдің ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері Нұр-Сұлтанның сауда кәсіпорындарын жыл бойы өз өнімдерімен қамтамасыз етіп келеді. Биылғы жылы жеткізілімдер 80 мың тоннадан асты.
Елордадағы тұтынушылар арасында Қарағанды облысының "Нәтиже", Ren milk, "Евразиан фудс", "Апрель - Кулагер", "Дедов", ПФ "Карла Маркса" және т. б. брендтері танымал.
Қарағанды облысы ауыл шаруашылық көлемін арттыруда. Фермерлер елордаға бұдан да көбірек өз өнімдерін жеткізуді көздеп отыр.