Қарағандыда жас мұғалімдерге миллион теңгеден сыйақы берілді

Қарағандыда жас мұғалімдерге миллион теңгеден сыйақы берілді

Қарағандыда кәсіби мереке қарсаңында бес жас мұғалім миллионер атанды. Биыл жас мамандарға арналған бұл марапат алғаш рет үйлестіріліп отыр. Ол қала әкімінің атынан табыс етілуде.

Сыйлыққа 35 білім беру ұйымынан 45 жас мұғалім үміткер болды. Ережеге сәйкес үміткерлердің жасы 29 жастан аспауы керек, ал педагогикалық өтілі - 5 жылға дейін. Олар жұмыста және қоғамдық қызметте өз жетістіктерін көрсетулері тиіс. Стартаптарға, еріктілер қозғалысына қатысу құпталады.

Комиссия бес номинация бойынша жеңімпаздарды таңдады:

- "Мектепке дейінгі ұйымның үздік жас ұстазы" - Аливбиге Бегзатхан, "Толағай" балабақшасының тәрбиешісі;

- "Үздік жас бастауыш сынып мұғалімі" - Екатерина Рыжевич, №25 ЖОББМ;

- "Үздік жас пән мұғалімі" - Александра Голобурдина, №101 мектеп-лицейі;

- "Үздік жас информатика мұғалімі" - Ержан Акижанов, №73 ЖББМ;

- "Үздік қосымша білім беретін жас педагог" - Медет Мауиянов, Балалар мен жасөспірімдер сарайы.

Білім саласының қызметкерлері мен ардагерлері қала әкімінің дипломдарымен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды.

Қарағанды мектептерінде 7 000-нан астам педагог еңбек етеді. Жыл сайын оқу ордалары 100-ден астам жас мамандармен толығады.