Қарқаралы ауданында Жаппай оқыту қорынан 655 оқушы көмек алды

Қарқаралы ауданында Жаппай оқыту қорынан 655 оқушы көмек алды

Қарқаралы ауданында Жаппай оқыту қорынан әлеуметтік қорғалатын санаттағы оқушыларға көмек көрсетілді. Бірінші кезекте бұл көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балалары. Оларға мектеп формасы, Сөмкелер мен кеңсе тауарлары берілді.

- Жаппай оқыту қорынан 655 оқушы көмек алды. Мемлекет мұқтаждарға қамқорлық жасайды. Ата-аналар көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыстарын білдіруде. Олар балаларға тегін берген киімдерінің сапасына риза, - дейді аудандық білім бөлімінің әдіскері Әлия Төлеуханова.

Жаппай оқыту қорынан көмек келесі санаттарға тиесілі:

- мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;

- мемлекеттік АӘК алмайтын, жан басына шаққандағы табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылардан шыққан балаларға;

- жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, отбасыларда тұратын балаларға;

- төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардан шыққан балаларға;

- білім беру ұйымының алқалы басқару органының шешімі бойынша оқушылардың өзге де санаттарына беріледі.