Шет ауданының Дария ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды

Шет ауданының Дария ауылында жаңа Мәдениет үйі ашылды

Шет ауданының Дария ауылында көптен күткен оқиға орын алды. Жергілікті тұрғындардың өтініші бойынша мұнда Мәдениет үйі салынды. Бұған дейін шығармашылық ұжымдар өз үй-жайынсыз болған. Әртістер мен музыканттар мектептің акт залында жаттыққан.

Ауыл тұрғындары аудан басшылығымен кездесулерде бұл мәселені бірнеше рет көтерген болатын. Енді ол оң шешімін тапты. Қаражат аудандық бюджеттен бөлінді.

Жаңа Мәдениет үйі ауыл тұрғындары үшін есігін айқара ашты. Онда ән айтуға, би билеуге және бейнелеу өнеріне арналған жеке кабинеттер, концерттер мен басқа да іс-шаралар өткізуге арналған акт залы бар. Мекемеде ауылдың жеті тұрғыны жұмыс істейді.

Мәдениет үйінің ашылуында Шет ауданының әкімі Мұхит Мұхтаров музыкалық аппаратура сатып алуға 1,5 млн теңгенің сертификатын таыс етті.

Дария ауылында мыңға жуық адам тұрады. Олардың негізгі қызметі - мал шаруашылығы және егіншілік.