Балқаш көліне тұқы шабақтарының рекордтық саны жіберілді

Балқаш көліне тұқы шабақтарының рекордтық саны жіберілді

Қарағанды облысында Балқаш көліне бір уақытта 353 мың тұқы шабағы жіберілді. Соңғы жылдары бұл рекордтық көрсеткіш. Шабақтар Тараздан аэраторлармен жабдықталған үлкен ыдыстармен жеткізілді.

Жас балықтарды суға жіберу үшін олар көлге құйылатын каналдағы ең қолайлы орынды таңдады. Онда шабақтарды ешкім мазаламайды және олар қыста қоныстана алады.

Балқаш көліне балық жіберу жыл сайын жүргізіледі.

- Балқаш көлі - бірегей су қоймасы. Мұнда балық аулау және әуесқойлық аулау белсенді жүреді. Балық қоры таусылмауы үшін оларды толтырып отыру қажет. Мемлекет басшысы балық саласын дамыту міндетін қойды, сондықтан қазір балық шаруашылығын молайтуға ерекше назар аудару керек, - деп атап өтті Қарағанды облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары Абай Әлжанов.