
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы шағын және орта бизнес субъектілеріне тегін сервистік қызмет көрсетеді. Қолдаудың бұл түрі «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметтер тізімі:
- бухгалтерлік және салықтық есепке алуды жүргізуге, сондай-ақ статистикалық есептілікті жасауға байланысты қызметтер;
- заңгерлік қызметтер;
- маркетинг мәселелері бойынша қызметтер;
- электронды-сандық қызмет көрсету бойынша кеңес беру;
- Мемлекеттік сатып алуға, ұлттық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуына байланысты қызметтер;
- өндірілген өнімді өткізуде отандық тауар өндірушіге көмек көрсету бойынша кеңес беру.
Ниет білдірушілер Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29, 1-ші қабат мекенжайы бойынша жүгіне алады.
Бизнесті ашу және жүргізу, мемлекеттік бағдарламалар бойынша сұрақтармен кәсіпкерлерді қолдау орталықтарына жүгінуге болады. Олар облыстың Кәсіпкерлер палатасының әрбір филиалында жұмыс істейді.
Аудандық орталықтар
Ақтоғай ауданы – Ақтоғай кенті, Байсейітова көшесі, 2 үй, тел. 8 (71 037) 21 273
Бұқар жырау ауданы – Ботақара кенті, Абылай хан көшесі, 41б үй, тел. 8 (72 154) 21 937
Нұра ауданы – Киевка кенті, Тәуелсіздік көшесі, 37 үй, тел. 8 (72 144) 21 862
Шет ауданы – Ақсу-Аюлы ауылы, Шортанбай көшесі, 141а үй, 8 (71 031) 21 641
Қарқаралы ауданы – Қарқаралы қ., Әубәкіров к-сі, 34 үй, тел. 8 (7214) 63 30 75
Осакаров ауданы – Осакаровка кенті, Достық көшесі, 2 үй, тел. 8 (72 149) 43 004
Жаңаарқа ауданы – Атасу кенті, Тәуелсіздік көшесі, 30/1 үй, тел. 8 (71 030) 79 054
Ұлытау ауданы – Ұлытау ауылы, Абай көшесі, 18-1 үй, тел. 8 (71 035) 21 415
Қалалық орталықтар
Теміртау – Тәуелсіздік гүлзары, 9 үй, тел. 8 (7213) 30 09 72
Шахтинск – Парковая көш., 11 үй, тел. 8 (72 156) 49 596
Балқаш – Шашубай ш/а, 3б үй, «Күлия» БО, тел. 8 (71 036) 43 168
Жезқазған – Ғарышкерлер гүлзары, 35 үй, тел. 8 (7102) 76 02 03
Сәтбаев – Сәтбаев даңғылы, 110 үй, тел. 8 (7102) 20 10 07
Абай – Жеңіс даңғылы, 2 үй, тел. 8 (72 131) 79 009
Саран – Қужанов к-сі, 2 үй, тел. 8 (72 137) 79 070
Қаражал – 24-ші орам, 4 үй, тел. 8 (71 032) 26 015
Приозёрск – Жеңіс көшесі, 4/2 үй, кеңсе. 202-203, тел. 8 (71 039) 70 114
Кәсіпкерлер сонымен қатар келесідей қызметтер бойынша көмек ала алады:
- кәсіпкерлерге қолдау алу үшін құжаттар жинау, құқықтық мәселелер бойынша кеңестер, сондай-ақ оқыту жобаларына қатысуға өтінімдер жинау бойынша кеңестер;
- кәсіпкерлер мен халықтың кәсіпкерлік бастамасы бар лицензияларын және рұқсаттарды, ЕДБ мен қаржы ұйымдарында субсидиялар, гранттар мен кредиттер алу мәселелері бойынша мемлекеттік органдарда өтініштерін сүйемелдеу, өнімді өткізу бойынша жәрдемдесу.
«Бизнес мектеп» жобасы аясында тегін онлайн оқуға жазылу және «Іскерлік байланыстар» құралы, «Аға сеньорлар» компоненті бойынша құжаттарды қабылдау жалғасуда.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасында кеңес алу үшін байланысатын тұлғалар:
Меруерт Қасымова - кәсіпкерлерді қаржылай емес қолдау бөлімінің басшысы, тел. +7 771 451 2970,
Гузяль Омарбекова - кәсіпкерлікті қаржылық емес қолдау бөлімінің сарапшысы, тел. +7 701 989 1510.
Толық ақпаратты Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алуға болады. Тел.: 8 (7212) 50 64 12.
Қарағанды облысының Кәсіпкерлер палатасы баспасөз қызметінің ақпараты бойынша