Польша мен Ресей елдерінің жүгірушілері Қарағанды онлайн-марафонына тіркелді

Польша мен Ресей елдерінің жүгірушілері Қарағанды онлайн-марафонына тіркелді

Qaragandy Marathon 2020 қатысуға Қазақстанның барлық аймақтарынан қатысушылар тіркелді. Жарыс онлайн-режимде өтеді. Елордамыз Нұр-Сұлтан, Республикалық маңызы бар Алматы, Шымкент қалалары және барлық 13 облыс өкілдері ұсынылады. География кеңеюде - Польша мен Ресейдің екі қаласы: Новосібір және Норильск қалаларынан жүгірушілер өтініш берді.

Тіркеу бір аптадан аса уақыт жалғасады. Ол 9-шы қазанда аяқталады.

Qaragandy Marathon 2020 халықаралық онлайн-марафоны 10 қазанда бес дистанцияда өтеді: 5 шақырым, 10 шақырым, 21 шақырымдық жартылай марафон, 42 шақырымдық марафон және 3 шақырымдық отбасылық жүгіру. Тіркеу жарнасы барлық қашықтықтар үшін бірдей - 2 500 теңге.

Қорытынды шығарылғаннан кейін әрбір қатысушы атаулы сертификат алады.

Барлық мәліметтер мен тіркеу qaragandy-marathon.kz сайтында.