Қарағандылық құтқарушылар мен еріктілер адамдарға бірлесіп көмектесетін болады

Қарағандылық құтқарушылар мен еріктілер адамдарға бірлесіп көмектесетін болады

Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен "Қазақстан еріктілері лигасы" қоғамдық қоры ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Олар қиын жағдайда бірлесіп адамдарға көмектесуге келісті.

Келісім бірнеше бағыттарды қамтиды: жоғалғандарды іздеуге қатысу; алғашқы медициналық көмек көрсету; қиын жағдайға тап болған, дүлей зілзалалардың салдарынан зардап шеккен адамдарды қолдау. Еріктілер профилактикалық акциялар мен рейдтерге қатысып, азаматтарды төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіздік ережелері мен іс-қимылдарға оқытуда құтқарушылардың көмекшісі болады. Алдын ала өздері азаматтық қорғау курстарынан өтеді.