Қарағандылық спортшы Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирінің жеңімпазы атанды

Қарағандылық спортшы Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирінің жеңімпазы атанды

Қарағандылық ауыр салмақтағы Дархан Бәкенов Абдулманап Нурмагомедовты еске алуға арналған аралас жекпе-жек турниріне (ММА) қатысқаны және жеңіске қалай жеткені туралы айтып берді. Жарыс Мәскеуде өтті. Турнир Fight Nights Global және GFC ұйымдары үшін бірлескен дода болды.

Абдулманап Нурмагомедов қайтыс болғаннан кейін алғаш рет оның құрметіне ММА ережелері бойынша жарыстар ұйымдастырылды. Турнирдің қонағы жаттықтырушының ұлы - абсолютті күрес чемпионатының (UFC) чемпионы Хабиб Нурмагомедов болды. Жекпе-жек Ирина Винер-Усманованың көркем гимнастика сарайында өтті.

Қазақстан атынан жарысқа Arlan MMA Pro Team командасы қатысты. Оған әртүрлі қалалардан жеті палуан кірді. Жалпы есепте олар төрт жеңіске жетті. Олардың бірі қарағандылық Дархан Бәкеновке тиесілі.

Дархан Бәкеновтың қарсыласы украиндық жауынгер Владимир Брик болды. Жекпе-жек бірінші раундта техникалық нокаутпен қазақстандықтың мерзімінен бұрын жеңісімен яқталды.

- Дайындық біз күткендей жақсы болған жоқ. Пандемияға, шектеулерге байланысты қиын болды. Сонымен қатар, мен өзім қатты ауырдым, отбасымның мүшелері ауырды. Мұның бәрі, әрине, өз ізін қалдырды. Бірақ жарыстың өзінде қарсыластың секунданты мен бірінші раундта да тұрып қалмайтынымды айтқанын естідім. Бұл мені қатты ашуландырды. Мен тура шайқасқа дайындалғандай болдым. Мен еліміздің даңқын асқақтату үшін қолымнан келгенін жасадым. Әкем мен үшін қатты алаңдады. Ол маған қарап тұрғанын білдім, бұл мен үшін өте маңызды болды, - деді Дархан Бәкенов.

Спортшының айтуынша, қазір ол және команданың басқа мүшелері Қазақстанда чемпионаттарды ұйымдастырумен және жас жауынгерлерді ілгерілетумен айналысуды жоспарлап отыр.

Абдулманап Нурмагомедовты еске алу турнирі жыл сайын өтетін дәстүрлі дода болмақ, оны Мәскеуде өткізеді. MMA, Fight Nights Global және GFC лигаларының ең мықты жауынгерлерін шақыруды жоспарлап отыр.

Абдулманап Нурмагомедов 2020 жылдың 3 шілдесінде коронавирустың салдарынан 58 жасында қайтыс болды. Еркін күрестен КСРО спорт шебері. Ресейдің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, жауынгерлік самбодан Дағыстан құрамасының аға жаттықтырушысы. Осы спорт түрінен 18 әлем чемпионын тәрбиелеген.